Информация о реализуемых проектах

Анкеты для информационного каталога о творчестве деятелей культуры и искусства

anketa

Заполнить анкету онлайн



Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсынөткізудің қағидасы

Информационный каталог о творчестве деятелей культуры и искусства

Художники
Театральные деятели
Композиторы
Дизайнеры
akorda bparlru egov mki1 mki_kz mki_en inter banner_3 poslan_2010_ru til web obse enu
Главная Новости культуры Суретші Жеңіс Кәкенұлының «Сәйгүлік семантикасы» көрмесі
Суретші Жеңіс Кәкенұлының «Сәйгүлік семантикасы» көрмесі Печать
kon2011 жылғы 18 сәуірде Астанадағы Қазақстан суретшілер одағында суретші, фотограф Жеңіс Кәкенұлының «Сәйгүліктер семантикасы» атты сурет көрмесі өтті. Көрмеге 30-дан астам туынды қойылған, тақырып біреу – жылқы. Қазақ үшін қасиетті жануардың бейнесінің сан алуан қыры осы көрмеде көрсетілді. Бұл туралы автордың өзі: «...Жылқыны тақырып еткен әріптестерден басты айрмасы – менің шығармамда жылқының адам деңгейіне көтерілуі. Байқасаңыздар, мен жылқының езуін тіліп көкпарға салғам жоқ, өкпесін өшіріп аламанға қоспадым. Олар адам секілді қуанды, шаттанды, ұшты, мұңайды, құлады, аранға түсті, ажал құшты», – дейді.

Көрмеге елге танымал бірқатар суретшілермен бірге өнер, сурет саласының мамандары, баспагерлер, студенттер қатысты. Жылқы тақырыбы – сурет саласындағы шеберлердің ең үйірсек тақырыбы. Сондықтан болар, аталған шараға елордада тұрып жатқан суретшілер келіп, авторға, шығармашылығына жылы лебіздерін білдірді.

«Кентаврдың ғашығы», «Шәкәрімді жоқтау», «Аяқталып бітпеген ән», «Ұл бала», «Жасырынбақ», «Самғау», «Уақыт. Оқиғаға дейін, одан кейін де», «Ажал керме» сияқты туындылардың астары қалың, адамды ойға қалдырады. Философиялық қарапайым ойлар жылқы тақырыбында көрініс табады.

Көрменің есігі Астанадағы Суретшілер одағының ғимаратында бір аптадай уақыт ашық.

 
Разработка и поддержка сайта
AVS Studio
AVS Studio