Информация о реализуемых проектах

Анкеты для информационного каталога о творчестве деятелей культуры и искусства

anketa

Заполнить анкету онлайн



Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсынөткізудің қағидасы

Информационный каталог о творчестве деятелей культуры и искусства

Художники
Театральные деятели
Композиторы
Дизайнеры
akorda bparlru egov mki1 mki_kz mki_en inter banner_3 poslan_2010_ru til web obse enu
Главная Новости культуры Астанада «Жапон қуыршақтары» көрмесі ашылды
Астанада «Жапон қуыршақтары» көрмесі ашылды Печать
japon2011 жылғы 17 мамырда Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті музейінде ҚазақстанРеспубликасындағы Жапон елшілігі мен Жапон қоры ұйымдастырған «Жапон қуыршақтары» атты көрменің ашылуы болып өтті. Көрмеге Жапония елшілігінің қызметкерлері, музей, өнертану саласының мамандары, қала жұртшылығы мен мектеп оқушылары қатысты.

Қазіргі таңда әлем назары Жапонияда болып отыр. Табиғи апаттардың бірінен  соң бірі төніп тұрған шақта жапон халқының төзімділігіне, табиғи мінез-қалпына жаһан жұртшылығы таңдай қағуда. Небір жойқын табиғи құбылыстар болып жатса да, сол баяғы күнделікті мінезінен құбылып, үрей танытқан жапон жоқ. Қайта керісінше, жұртты сабырға шақырып барлық атқамінері халық ортасында, апат аймағында жүр. Сүйсінуге болатын іс деп осыны айт!

Жапония – дүниенің жаһандық құбылыстарына ұлттық келбетімен тойтарыс беріп отырған бірден-бір ел. Астанада өткізіліп жатқан осынау көрме де сол ұлттық нақышты насихаттаудың, жапондық мәдениеттің озық үлгілерін паш ету болып табылады. Көрмені ашқан Жапонияның Қазақстандағы елшісі елдің мәдени-рухани әлеуеті орасан күшті екенін, көрме «Мәдениет арқылы үн қатысу» халықаралық жобасы аясында өткізіліп отырғанын және қазақ жұртшылығын жапон мәдениетімен, оның ішінде  ұлттық қуыршақтар бейнесімен таныстыруды мақсат еткенін айтты.

Көрмеге жапон халқының мінезі, құлқы, ұлттық киімдері үлгісін, психологиясын сипаттайтын қуыршақтар қойылды. Қуыршақтарды тамашалай отырып, самурайлардың іс-әрекетін, сәби балалардың бақытты жүзіндегі күлкіні, үлкендер арасындағы қатыгездік, әйелдер арасындағы сезім, парасат көріністері байқалады. Жапон халқынның өзіне ғана тән ұлттық киімдердің сан алуан түрі, атап айтсақ, үй шаруасында, жиын тойларда, ерлердің жорық сауыттары, соғыс қарулары бәрі де көрсетілді.

 
Разработка и поддержка сайта
AVS Studio
AVS Studio