Информация о реализуемых проектах

Анкеты для информационного каталога о творчестве деятелей культуры и искусства

anketa

Заполнить анкету онлайн



Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсынөткізудің қағидасы

Информационный каталог о творчестве деятелей культуры и искусства

Художники
Театральные деятели
Композиторы
Дизайнеры
akorda bparlru egov mki1 mki_kz mki_en inter banner_3 poslan_2010_ru til web obse enu
Главная Новости культуры Ұлттық театрлар фестивалі аяқталды
Ұлттық театрлар фестивалі аяқталды Печать
Астанада ұлттық театрлардың республикалық фестивалі аяқталды. Оның салтанатты жабылу рәсімі бүгін Күләш Бәйсейітова атындағы Ұлттық Опера және балет театрында өтті. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған бұл шара Мәдениет министрлігінің мұрындық болуымен өтті. Жалпы, 3 күнге созылған байқауға барлығы 5 театр қатысты. Әкім Тарази бастаған қазылар алқасы осы күндері театр ұжымы сахналаған әр қойылымды саралап-сараптап, үздіктерін анықтап, бүгін жеңімпаздарды 10 аталым бойынша марапаттады.

«Үздік спектакль» жүлдесін Оңтүстік Қазақстан облысынан келген өзбек драма театры жеңіп алса, «Қазақ драматургиясын табысты меңгергені үшін» Астананың Максим Горький атындағы Мемлекеттік орыс драма театры марапатталды. Ал, Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театры болса, «Кенесары-Күнімжан» спектаклі үшін «Ең үздік ұлттық авторларының драматургиясы үшін» номинациясы бойынша үздік деп танылды. Биыл алғаш рет өткен фестиваль келесі жылдары да жалғасын таба бермек.

Нәзипа Шанаи, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Халқы Ассамблеясының сектор меңгерушісі:  Бұл фестивалді өткізу идеясын Қазақстан Халқы Ассамблеясында Елбасының өзі ұсынған болатын. Бүгін, міне, соны қортындылап жатырмыз.

 

Гүлжан Марқабаева

 

http://kaztrk.kz/kaz/kultura/Ulttik_teatrlar_festivali_ajaktaldi.html

 
Разработка и поддержка сайта
AVS Studio
AVS Studio