| Художники |
| Театральные деятели |
| Композиторы |
| Дизайнеры |
С 18 января 2011 года по 18 января 2012 года во Дворце мира и согласия пройдет выставка «Сокровища Египетских пирамид». |
| «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» жобасы тұсаукесер рәсімі |
|
2010 жылдың 1 қазанында сағат 19.00-де «Қазақстан» Орталық концерт залында халқымыздың тұңғыш ұлттық антологиясы «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» жобасының тұсаукесер рәсімі өтеді. Қазақ халқының мақтаныш етер асыл мұра, рухани жәдігерліктерінің ішінде ғасырлар сүзгісінен өтіп, бүгінге жеткен көл-көсір ән қазынасы ерекше орын алады. Қазақтың баға жетпес асыл қазынасына айналған дәстүрлі ән үлгілері (ғұрыптық әндер, халық әндері, кәсіби халық композиторларының әндері) Елбасы Н. Назарбаевтың бастама көтеруімен жасалған «Мәдени мұра» ұлттық жоба аясындағы «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» бірегей антологиясында тұтастай дерлік мол қамтылған. Ән мұрасы - қазақ жанының ғасырлар көшінде шаң баспаған сырлы айнасы, халық рухының ықылымнан тіл қатқан тірі куәгері. Қазақтың жаны мен бітім болмысынан жаралған әндерінің әлемдік мәдениетке қосар үлесі шексіз екені сөзсіз. Осының түбегейлі көрінісін қазақтың «мың әнін» қамтыған антологиядан айқын көруге болады. «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» аталатын бұл антологияға қазақтың барлық (Арқа, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жетісу, Сыр, Шығыс) өңірлерінде айтылатын, сондай-ақ шетелдегі қазақтар (Қытай, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан) арасында сақталған халық әндері мен халық әнші-композиторларының туындылары түгелге жуық еніп отыр. Ел ішінен жазылып алынған ғұрыптық әндер мен қара өлең үлгілері де жұртшылық назарына іріктеліп ұсынылды. Қазақтың асыл мұра, ән қазынасын барынша мол қамтыған бұл тұрпаттағы аса көлемді антология тұңғыш рет шығарылып отыр. Жоба ұйымдастырушысы ҚР Мәдениет министрлігі еліміздің тарихы мен тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін сарқылмас мол мұра - ән өнерін, ұлттық сарындағы бірегей туындыларды дүниеге әкеліп, кейінгі ұрпаққа жеткізген дара тұлғаларын халық арасында кеңінен насихаттау, болашаққа аманат ету мақсатында қазақтың «мың әнін» күйтаспаға түсіріп, тыңдармандарға ұсынбақ ниетте. Осыған орай, «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» концерті ұйымдастырылады. Салтанатты кешті ҚР Мәдениет министрі М.А. Құл-Мұхаммед сөз сөйлеп ашады. Осы кеште Ақан мен Біржанның, Мұхит пен Ғарифолланың, Кененнің дәстүрін жалғастырушылар өнер көрсетеді. Жетісудың әндерін ҚР еңбек сіңірген әртісі Ержан Қосбармақов, республикалық конкурстардың лауреаттары Қарақат Әбілдина, Нұржан Жанпейісов, Шолпан Дәржанова, Ақан Әбдуәлі, Перизат Тұрарова, Батыс әндерін республикалық конкурстардың лауреаттары Айгүл Қосанова, Қайрат Кәкімов, Сәуле Жанпейісова, Мая Исмаилова, Ақмарал Ерімбетова, Серік Абдрахманұлы, Ерлан Рысқали, Шығыс әндерін республикалық конкурстардың лауреаттары Берік Омаров, Бағлан Бәбіжан, Гүлдана Ноғайбаева, Төлеутай Серіков, Аллажар Қайбар, Арқаның әндерін ҚР халық әртісі Қайрат Байбосынов, республикалық конкурстардың лауреаттары Ербол Айтбаев, Ардақ Исатаева, Дәуренбек Әркенов, Гүлмира Сарина, Сержан Мұсайын орындайды. Сондай-ақ, кеште қазақ өнерінің майталман шеберлері КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова, ҚР халық әртістері Нұржамал Үсенбаева, Нұрғали Нүсіпжан, ҚР еңбек сіңірген әртістері Майра Мұхамедқызы, Кенжеғали Мыржықбаев, Бекболат Тілеухан өнер көрсетеді. Халқымыздың рухын жігерлендіретін, еліміздің еңсесін асқақтататын ұранға айналған Нұрсұлтан Назарбаев пен Бекболат Тілеуханның «Елім менің» әні концерттің шарықтау шегі болмақ.
|