Информация о реализуемых проектах

Анкеты для информационного каталога о творчестве деятелей культуры и искусства

anketa

Заполнить анкету онлайн



Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсынөткізудің қағидасы

Информационный каталог о творчестве деятелей культуры и искусства

Художники
Театральные деятели
Композиторы
Дизайнеры
akorda bparlru egov mki1 mki_kz mki_en inter banner_3 poslan_2010_ru til web obse enu
Главная Композиторы Тереков Орынбасар Ембергенұлы
Тереков Орынбасар Ембергенұлы Печать
(15 июня 1961г, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы) - композитор.
Білімі: 1978-1985 жж.. Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік Консерватория. Біліктілігі: «Концерттік орындаушы,оқытушы».
Марапаттары :
Шені: «Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы Үйі» МКҚК директоры, Қазақстан композиторлар одағыныңАқтөбе облыстық филиалыныңтөрағасы,ҚР мәдениет қайраткері.
Дипломдары: ҚР Президентінің алғысы /2011 ж./, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің мәдениет комитетінің «Құрмет грамотасы» /2002 ж./, Ақтөбе облыстық, қалалық әкімінің «Алғыс хаттары» (2005-2008 жж..),
Шығармаларының тізімі: Әндері:«Алдар көсе», «Әкеме», «Анама», «Қоштасу», «Ойлан, қазақ», «Екі езу», «Жайық аруы», «Үміт сезімі». Инструменталды шығармалары: виолончелге арналған «Ат шабыс» атты концерттік пьеса, «Домбыра прима мен Бас домбыраға арналған» сюита.
Іс-шараларға қатысуы :
Қазақстанда: 2010 жылы Ақтөбе қаласында Қазақстан композиторлар одағының Ақтөбе облыстық филиалының ашылу рәсімі. Қазақстан Композиторлар Одағының төрайымы Б.Қыдырбектің төрағалығымен және Композиторлар Одағының жетекшісі А.Тоқсанбаевтың қатысуымен Ә.Молдағұлованың 85 жылдығына арналған ІV республикалық патриоттық әндер байқауы өткізілді 2011 жылы – Алматы қаласында өткен Қазақстан композиторлар Одағының кезекті ХІІ-і Съезіне қатысты. 1996 жылы «Алдар көсе» әні «Жас қанат» байқауында әнші Аллаберген Жақсыбаевтың орындауында«дипломант» атағына; 2010 жылы «Ойлан, қазақ» әні Ақтөбе қаласында өткен Әлия Молдағұлованың 85 жылдық мерейтойына арналған ІV Республикалық патриоттық әндер байқауында «Әдеп» триосының орындауында «Бас жүлдеге»; 2011 жылы «Үміт сезімі» әні композитор Бейбіт Оралұлы әндерінің «Елім» Республикалық конкурсында әнші Саламат Мұқашевтың орындауында дипломант атағына ие болды.
Шетелде: 2005 жылы – Түркия мемлекеті Стамбұл қаласында Бас консулдың ұйымдастыруымен Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шара; 2008 жылы - Америка Құрама Штаты Калифорния қаласы «Казахстан – перекресток Европы и Азии» жобасы.
Жеке каталогтерінің шығарылуы: «Шалқар вальсі» (диск).
БАҚ-та жарияланған мақалалары: - Тереков О.Е. – «Талантқа қолдау көрсетеміз» «Арайлы Ақтөбе ұлттардың ұясы». Актобе – центр духовного единства. 2010 жылы. - «Оян, қазақ!» Общественный женский журнал «АРУ ЖАН» № 7 (57) 2010.; - «Анашым», «Жайықтың аруы», «Әкеме» әндері. «Жыр жазамын жүрегімнен» Ақтөбе 2006 ж.
 
Разработка и поддержка сайта
AVS Studio
AVS Studio