Жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ақпарат

Мәдениет және өнер қайраткерлерінің шығармашылығы туралы ақпараттық каталогқа арналған сауалнама

anketa
Cауалнаманы толтыру онлайн



Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсынөткізудің қағидасы


word_icon
Қағидасы көшіріп шығару (74 кБ)


Мәдениет пен өнер қайраткерлерінің шығармашылығы туралы ақпараттық каталог

Суретшілер
Театр қайраткерлері
Композиторы
Дизайнеры

akorda

bparlru

egov

mki1

mki_kz

mki_en

inter

banner_3

poslan_2010_ru

til

web

obse

enu

Главная Қор жаңалықтары «Ұлы Дала сазы» дәстүрлі өнер орындаушыларының халықаралық фестивалі
«Ұлы Дала сазы» дәстүрлі өнер орындаушыларының халықаралық фестивалі Басып шығару

fest_great_steppe

2010 жылдың 15-16 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығында «Ұлы Дала сазы» дәстүрлі өнер орындаушыларының халықаралық фестивалі өтті. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілді. 
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Мәдениет министірлігі және «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ.
Фестивальдің басты мақсаты түркі халықтарының әні мен жырын, күйі мен сазын, эпосын жан-жақты насихаттау, қазақ классикалық дәстүрлі музыкасына, музыкалық фольклорға жүйелі түрде қамқорлық жасау ісін ұйымдастыруға мұрындық болып, сонымен қатар дәстүрлі музыканың барлық жанрларын, әсіресе кенже қалған, сирек ұшырасатын аспаптарда орындалатын жанрларды жаңғырту болды.
Фестиваль ұйымдастырушылары 15-16 қыркүйек күндері Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығын дәстүрлі өнер орындаушыларының астанасына айналдырды. Іс-шараның бірінші бөлімінде халықтық әндерді орындауда Хакасияның халық әртісі (Ресей Федерациясы) Нина Идемешова «Әдемі тауларым» әнімен, Қырғыз Республикасының жас әншісі Нуржан Тумонбаева «Ойт, десе!» әнімен, қазақтың күміс көмей әншілері Клара Төленбаева мен Айгүл Қосанова тиісінше «Бұлбұл» және «Әнші дауысы» әндерімен көрермендерді өз ықыластарына бөледі.
Іс-шараның екінші бөлімі халықтық аспапта орындаушылардың өнерімен өз жалғасын тапты. Алтай өлкесінің (Ресей Федерациясы) тума таланты Ногон Шумаров «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» туындысынан үзінді орындаса, Хакасияның дарын иесі Евгений Улугбашев «Алтын арық» шығармасын көпшіліктің назарын ұсынды, ал Қырғыстаннан келген Асылбек Насирдинов «Ата насихаты» күйін шырқаса, еліміздің дәулескер күйшілері атап айтқанда, Фазыл Тұтқабеков, Шағдар Ақылбеков, Әлімхан Жүзбаев, Толғанбай Сембаев, Мұрат Әбуғазы, Айгүл Үлкенбаева сияқты өзге де орындаушылар қазақтың сарқылмас күйлерін мүлтіксіз орындап берді. 
Фестивальдің жабылу салтанаты үлкен Гала-концертпен аяқталып, іс-шара қатысушылары диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды. 
Концертке шақырлған құрметті қонақтар: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, дипломатиялық елшіліктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, мәдениет мекемелерінің жетекшілері, белгілі қоғам және өнер қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, БАҚ-ң және жастар ұйымдарының белсенді өкілдері мен Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары.

Бірінші бөлім                                                              Екінші бөлім

 
Разработка и поддержка сайта
AVS Studio
AVS Studio