|
Хабарландыру |
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы №1144 «2011 жылды «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы» деп жариялау туралы» Жарлығын орындау, сондай-ақ отандық суретшілерге қолдау көрсету, олардың жаңа шығармаларын ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі
1. кескіндеме; 2. мүсін; 3. графика; 4. сәндік-қолданбалы өнер номинациялары бойынша «Өз елім» конкурсы өткізілетінін хабарлайды.
Конкурсқа кәсіби суретшілер бір немесе бірнеше номинация бойынша қатыса алады. Автор әр номинацияға бір ғана шығармасын ұсынады. Конкурсқа қатысушылардың жас шамасына шек қойылмайды.
Конкурсқа кеткен шығынды қатысушылардың өздері көтереді.
Ұсынылатын шығармалардың ресімделуіне қойылатын негізгі талаптар:
1. «Кескіндеме», «графика» номинациялары үшін – полотно өлшемі 90х60 см-ден кем болмауы тиіс, жұмыс арнайы қоршаулармен (багетпен, ағашпен) әшекейленуі керек, келесі бетінде автордың аты-жөні, суреттің атауы, салған жылы, өлшемі мен орындалу техникасы жазылып көрсетілуі керек. 2. «Мүсін», «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациялары бойынша жұмыстардың аңдатпасында шығарма авторы, өлшемі, атауы, салған жылы мен идеясының қысқаша сипаттамасы көрсетілуі тиіс.
Қатысушылар конкурстың бірінші турында 2011 жылдың 20 қыркүйегіне дейін конкурсқа қатысу туралы өтінішті, төлқұжат немесе жеке куәлігінің көшірмесін және конкурсқа ұсынатын шығармаларының электронды JPEG форматындағы суреттерін ұйымдастырушы комитеттің электронды адресіне (
Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек
) жібереді.
Бірінші турдан өткен шығармалардың түпнұсқалары 2011 жылдың 04 қазанға дейін мына мекен-жайға тапсырылады: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Панфилов к-сі, 92, ҚР Суретшілер одағының көрме залы. Бүлінген жұмыстар конкурсқа қабылданбайды, жұмыстар экспозицияға қоюға лайықты болуы шарт.
Конкурсқа қатыс шығармалармен бірге олардың электронды нұсқалары TIF форматында (1200*1600 DPI) арнайы каталог шығару үшін қоса тапсырылады.
Конкурстың екінші турынан кейін үздік деп танылған жұмыстар Астана қаласындағы Президенттік мәдениет орталығындағы көрмеге қойылады және авторлар ақшалай сыйлықтармен, дипломдармен марапатталады. Түрлі номинация бойынша жеңімпаз атанған шығармалар Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің қорына сақтауға алынатын болады.
Конкурс туралы толық ақпарат пен турлардың қорытындысы туралы хабарлар Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің (www.mki.gov.kz) және «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ (www.ruhdk.kz) ресми сайттарында жарияланады. |
|
А. Джигарханянның жетекшілігімен келген Мәскеу драма театрының гастрольдік сапары |
|
 Алматы қаласында 2011 жылдың 3-7 мамыр аралығында Армен Джигарханян жетекшілік ететін Мәскеу драма театрының гастролдік сапары болды. Шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігімен бірлесіп «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ ұйымдастырды.
М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының сахнасында «Ромео мен Джульетта», «Шахризаданың 1001 түні» спектакльдері қойылды.
Гастролдік сапардың салтанатты ашылуы 3 мамыр күні М. Лермонтов таындағы орыс драма театрында өтті, оған құрметті қонақ ретінде Мәскеу драма театрының көркемдік жетекшісі, әйгілі актер, кино өнерінің майталманы Армен Джигарханян қатысты. |
|
Mәдениет субъектілері туралы деректерді жинау және оларға мониторинг жүргізу жобасын бастады |
|
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ-ымен бірлесе Қазақстан Респубикасындағы мәдениет субъектілері туралы деректерді жинау және оларға мониторинг жүргізу жобасын бастады. Жоба шеңберiнде Қазақстан мәдениетiнiң субъектілерi бар ақпараттық тiзім шығару көзделген.
Мәдениеттер субъектілері шығармашылығын зерттеу бойынша мониторинг жүргізу бұдан әрі тұтастай мәдени орта мен жекелеген мәдениеттің әрбір субъектісін дамыту мүмкіндігін туғызады, ал осы жобаны іске асыру ақпараттық ресурстар мен мәдени құндылықтарға теңдей қол жеткізген азаматтар бірыңғай мәдени кеңістікті қалыптастыруға қолдау көрсететін болады.
Қазіргі уақытта тиісті сауалнамалар бойынша мәдениет пен өнер қайраткерлерінің шығармашылығы туралы ақпараттарды мекемелер мен ұйымдар, әсіресе Қазақстан Республикасындағы шығармашылық одақтар жинақтап беретін болады. |
|
«Әлем қауымдастығына әйгілі Қазақстан» атты фотокөрме |
|
|

2011 жылдың 4 наурызында сағат 15.00-де Астана қаласындағы Президенттік мәдениет орталығында «Әлем қауымдастығына әйгілі Қазақстан» атты фотокөрме тұсаукесері рәсімі өтті. Іс-шараның ұймдастырушылары: Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің қолдауымен «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ.
2011 жыл ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы деп жарияланғаны белгілі. Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғанда тек саяси және экономикалық салада ғана емес, сонымен қатар мәдениет пен руханиятта да көптеген жетісіктерге жетті. Елімізде жыл сайын мәдени іс-шаралар өткізіліп, Қазақстан халқының мәдени мұрасын насихаттау, қайта оралған тарихи-мәдени дәстүрді жаңғырту, дамыту ісі жүргізіліп отырады.
Фотокөрме 5 салалық тақырыпты қамтыған: «Елін сүйген Елбасы» тақырыбындағы фотосуреттер тұңғыш Президенттің өмір жолын, еңбектегі қажырлылығы мен қызметтегі шынайы келбетін айқындаса, елдің ұлттық өнері мен мәдениетін, рухани үдерістерін айғақтайтын фотодеректер «Ұлттың ұлы мәдениеті» деген атпен берілген. Қазақстанның экономикалық-саяси һәм әлеуметтік жетістіктері «Жаңарған, жаңғырған Қазақстан» тақырыбында қозғалса, «Жер-жаһан жанарындағы Қазақстан» тақырыбы елдің сыртқы саясаттағы беделді орны мен спорттағы жеңісті сәттерін бейнелеген, «Қазақстанның таңғажайып табиғаты». |
|
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 19 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тағылымы» тақырыбында республикалық ақындар айтысы |
|
|

2010 жылдың 11-13 желтоқсан аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 19 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тағылымы» тақырыбында республикалық ақындар айтысы өтті.
Үш күн бойы «Конгресс-Холл» сарайының сахнасында 26 дүл-дүл ақындармен қоса, енді ғана өнерде қанат жайып келе жатқан жас айтыскер ақындарда сайысып жарысқа түсті. Айтыстың басты тақырыптары Қазақстанның Тәуелсіздік күні, кеше ғана Елордада өткен ЕҚЫҰ-ның Самитті, әлемдегі ең жас астана – ару қала Астана және оның гүлденуіне өлшеусіз үлес қосқан Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ерен еңбегі болды. Сонымен қатар отансүйгіштік, қоғамдағы күнделікті тіршіліктер т.б мәселелер от ауызды ақындардың жырынан алшақтамады.
Аламан сайыстың қортындысына және қазылар алқасының шешімімен жүлделі ІІІ-орын және «Митсубиси Лансер» автокөлігі жетісулық жас ақын – Жандарбек Бұлғақовқа, жүлделі ІІ-орын және «Ниссан Альмера» автокөлігі Оңтүстік Қазақстаннан келген танымал ақын – Бекарыс Шойбековке, жүлделі І-орын және «Судзуки Гранд Витара» автокөлігі астаналық ақын Айнұр Тұрсынбаеваға берілді. Ал айтыстың Бас жүлдесімен қоса «Тойота Ленд Крузер Прадо» автөкөлігін шоқтығы биік Аманжол Әлтай алды.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің қолдауымен «Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамы.
Айтыстың Бас демеушісі: «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ. |
|
|
Түрктілдес мемлекеттердің Ақсақалдар кеңесінің бірінші отырысы |
|
|
Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығында 2010 жылдың 7 желтоқсан күні сағат 10.00-де Түрктілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісімі негізінде құрылған Түрктілдес мемлекеттердің Ақсақалдар кеңесінің бірінші отырысы өтті.
Отырыста Түрктілдес мемлекеттердің Ақсақалдар кеңесі туралы ережесінің жобасы талқыланды. Сондай-ақ Түрктілдес халықтардың ортақ тарихын зерттеу мәселелері, Ақсақалдар кеңесінің кезекті отырысын өткізудің мерзімдері туралы және т.б. мәселелер қозғалды.
Ақсақалдар кеңесінің бірінші отырысына Түрктілдес мемлекеттердің Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, ҚР Президенттік мәдениет орталығының директоры Мырзатай Жолдасбеков төрағалық жасады.
Түркия тарапынан Түркия Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшысы Мұстафа Исен басқарған делегация;
Әзірбайжан тарапынан Әзірбайжан ақсақалдар кеңесінің төрағасы Будагов Будаг Абдулали оглу басқарған делегация;
Қырғызстан тарапынан Қырғызстан Республикасының көрнекті қоғам қайраткері Ишенбай Абдуразаков қатысты.
Түрктілдес мемлекеттердің Ақсақалдар кеңесі отырысының қорытындысы бойынша журналистерге арналған баспасөз–конференциясы сағ: 15.00 өтті.
Баспасөз–конференциясынан соң келген қонақтар Мемлекеттік тарихи музейінің «Тәуелсіз Қазақстан және оның негізін қалаушы Н.Ә. Назарбаев», «Қасиет», «Этнография», «Археологиялық» галерея, «Сақ», «Қазақ әлемі. И.Тасмағанбетовтың жеке коллекциясы», «Тарихи» галерея және «Астананың бүгінгісі мен өткені» туралы залдарынан «Көркемсурет» галереясынан Қазақстанның ежелгі дәуірден осы күнге дейінгісін тамашалады.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің қолдауымен «Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамы. |
|
VІI Республикалық «Елім менің» патриоттық әндер конкурсы |
|
|

2010 жылдың 7 желтоқсанында сағат 11.00-де Астана қаласы Ұлттық академиялық кітапханасында VІI Республикалық «Елім менің» патриоттық әндер байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, сондай-ақ 8 желтоқсанда сағат 15.00-де Елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде «Менің жеңісім-менің еліме» жастар форумы аясында байқау жеңімпаздарының концерті өтті.
Конкурсты ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Мәдениет министірлігі және «Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамы. |
|
VII Республикалық «Елім менің» патриоттық әндер конкурсының сараптау |
|
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті және Қазақстан халықтарының рухани даму акционерлік қоғамы ағымдағы жылдың 8-10 қарашасында VII Республикалық «Елім менің» патриоттық әндер конкурсының (әрі қарай – Конкурс) сараптау жұмыстарын жүргізіп, жеңімпаздарын анықтады.
Конкурсқа 39 автордың 89 шығармасы келіп түсті. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, әнші, композитор Бекболат Тілеухан төрағалық еткен қазылар алқасы Конкурстың Бас бәйгесін, «Ән сал, сарбаз!» номинациясының І, ІІ жүлделерін, «Ешкім де ұмытылмайды, ешқашан ұмытылған емес» номинациясының І жүлдесін тағайындамау туралы шешім қабылдап, төмендегідей шығармаларды Конкурстың жеңімпаздары деп атады. |
|
Толық оқу...
|
|
ІІІ Халықаралық скрипкашылар конкурсы |
|
2010 жылдың қазан айының 12 мен 18 аралығында Астана қаласында ІІІ Халықаралық скрипкашылар конкурсы өтті.
Конкурстың басты мақсаты елімізде скрипка өнерін танымал етіп, дарынды скрипкашыларды айқындап және оларға қолдау көрсетіп, отандық және әлем мәдениетінің үздік үлгілерін насихаттау болды.
Конкурстың салтанатты ашылуы 12 қазан сағат 14.30-де Қазақ ұлттық өнер университетінің Орган залында өтті.
Конкурсқа Қазақстанның және шетелдік арнайы оқу орындарының скрипкашылары мен шәкірттері кіші топ 15 жасқа дейін және ересек топ 16 жаспен 28 жас аралығында қатысты.
Конкурстың тыңдаулары қазанның 13 мен 16 аралығында Қазақ ұлттық өнер университетінің Орган залында өтті.
ІІІ Халықаралық скрипкашылар конкурсының қазылар алқасының құрамында әлемге атақты өнер қайраткерлері – Қазақстан Республикасының халық әртісі, халықаралық конкурстардың лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсаходжаева; Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Арал Байсақалов; Ресей Федерациясының халық әртісі, Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры, «Московия» камералық театрының көркемдік жетекшісі Эдуард Грач; музыка профессоры, дирижер, Клостер – Шонтальдағы халықаралық скрипка конкурсы мен ішекті аспаптардың шебер орындаушыларының көркемдік жетекшісі Петру Мунтяну; комозитор, музыка сыншысы Сеул халықаралық музыка фестивальінің көркемдік жетекшісі Джиджун Рю; Братислав симфониялық оркестрінің бас дирижері Леош Сваровски, концерт қоюшы чех музыканты Любомир Хертц бар.
Конкурстың салтанатты жабылуы мен лауреаттарды марапаттау 17 қазан сағат 18.00-де Қазақ ұлттық өнер университетінің Орган залында өз мәресіне жетті. |
|
Толық оқу...
|
|
Театр қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған «Драмалық және музыкалық театрдың режиссері» курстары |
|
|
2010 жылдың 15-30 қыркүйек аралығында «Санкт-Петербург мемлекеттік театр өнері академиясы» федералды мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру мекемесінде «Драмалық және музыкалық театрдың режиссері» курстары ұйымдастырылды.
Тағылымдамадан өтудің бағдарламасы төмендегі мәселелерді қарастырды: Тренинг рольде жұмыс жасаудың амалы ретінде, режиссураның теориясы мен методологиясы, еуропалық театрдың даму үрдісі, ХХ ғасырдың ойындық тренинг жүйесі, психология мен конфликтология. Тағылымдамаға қатысушылар 7 театрда болып, 10 спектаклді тамашалады және талдады (Александринском театры «Укрощение строптивой», «Муха», «Танго», «Враги. История любви», «Дон Кихот» - Фонтанкадағы жастар театры, «Ревизор» - «Буфф» театры, «Счастье мое» - Литейнийдағы театры, «На берегу» - Оқу театры, «Курс лечения» - Сатира театры, «Отелло» - Балтика үйі.
Петербург театрларының көркемдік жетекшілерімен кездесулер ұйымдастырылды: «Буфф» - Исаак Романович Штокбантпен, Фонтанкадағы жастар театры – Ресейдің халық әртісі, СПбМТӨА-нің профессоры Семен Яковлевич Спивакпен, Васильевтегі Санкт-Петербург мемлекеттік драмалық сатира театрының бас режиссері Анджей Бубенмен.
Тағылмдамадан өту кезеңі «Александринский» Бесінші Халықаралық Театрлар фестивалінің уақытымен тұспа-тұс келіп, қазақстандық режиссерлер Народовы Театрмен (Варшава, Польша), Гешер Театрмен (Тель-Авив, Израиль) кездесіп, пікір алмасуға мүмкіндік алды. Тағылымдамаға қатысушылар бағдарламасы тыс Жас көрермен театрында болды.
Тағылымдама соңында тыңдаушыларға біліктілікті арттыру туралы мемлекеттік үлгідегі куәліктер берілді.
Курсты ұайымдыстырған: Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі және «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ. |
|
|
|
|
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 Келесі > соңғы >>
|
|
JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL |