Жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ақпарат

Мәдениет және өнер қайраткерлерінің шығармашылығы туралы ақпараттық каталогқа арналған сауалнама

anketa
Cауалнаманы толтыру онлайн



Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсынөткізудің қағидасы


word_icon
Қағидасы көшіріп шығару (74 кБ)


Мәдениет пен өнер қайраткерлерінің шығармашылығы туралы ақпараттық каталог

Суретшілер
Театр қайраткерлері
Композиторы
Дизайнеры

akorda

bparlru

egov

mki1

mki_kz

mki_en

inter

banner_3

poslan_2010_ru

til

web

obse

enu

Главная Мәдениет жаңалықтары Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының Мәдениет күндері
Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының Мәдениет күндері Басып шығару

days2_belarus

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылғы 25-26 қарашада Беларусь Республикасына барған ресми сапарының қортындысы бойынша, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтың тапсырмасын орындау мақсатында 2010 жылдың 6-8 қыркүйек аралығында Астана қаласында Беларусь Республикасының Мәдениет күндері өтті.
Аталған іс-шара шеңберінде «Классик-авангард» жеке орындаушылар ансамблінің концерті, қазіргі заманғы беларусь кескіндемесінің көрмесі және беларусь киносының күндері өткізілді.
Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы ү.ж. 6 қыркүйегінде сағат 18.30-да К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында өтті.
«Классик-авангард» жеке орындаушылар ансамблі 1988 жылы құрылды. Ансамбльдің дирижері және көркемдік жетекшісі Владимир Байдов. Ұжымда 18 кәсіпқой музыкант өнер көрсетеді, аталғандардың көпшілігі жеке аспапта орындауда мәртебелі халықаралық және ұлттық конкурстардың лауреаттары болып табылады. «Классик-авангард» жеке орындаушылар ансамблі құрамы икемді және жанжақты болуымен қатар, өздерінің жоғары кәсіби деңгейінің арқасында қысқа мерзім ішінде кез-келген бағдарламаны дайындап, оны ең жоғары деңгейде орындай алады.
Қазіргі заманғы беларусь кескіндемесінің көрмесі Қазақстан көрермендері үшін Беларусь дарын иелерін танып білуге өз ықпалын тигізді. Экспозицияға қатысушы жиырма төрт автор өз кезегінде офорта, акватинта, мецца-тинта, құрғақ ине техникасымен жұмыс жасап, сонымен қатар линогравюра, литография, акварельмен белсенді түрде айналысады. Көрме бірқатар суретші буынын таныстырып, шынайы бейнелеуден шартты жасампаздық ұқсастыққа ауысуда, жаңа технологияларды пайдалана отырып, түрлі тақырыптарға өтуді көрсетті.
Беларусь киносының күндері аясында Қазақстанда көркем, деректі, анимациялық фильмдер, сонымен қатар Беларусь бейнеорталығының бірқатар фильмдері көрсетілді.

 
Разработка и поддержка сайта
AVS Studio
AVS Studio