Жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ақпарат

Мәдениет және өнер қайраткерлерінің шығармашылығы туралы ақпараттық каталогқа арналған сауалнама

anketa
Cауалнаманы толтыру онлайн



Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсынөткізудің қағидасы


word_icon
Қағидасы көшіріп шығару (74 кБ)


Мәдениет пен өнер қайраткерлерінің шығармашылығы туралы ақпараттық каталог

Суретшілер
Театр қайраткерлері
Композиторы
Дизайнеры

akorda

bparlru

egov

mki1

mki_kz

mki_en

inter

banner_3

poslan_2010_ru

til

web

obse

enu

Главная Мәдениет жаңалықтары «Шырайлы Оңтүстік Қазақстанның шежіресі»
«Шырайлы Оңтүстік Қазақстанның шежіресі» Басып шығару

2010 жылдың 25 маусымында сағат 17.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мұражайында Оңтүстік Қазақстан облысы мұражайлары қорларының жәдігерлерімен ұйымдастырылған «Шырайлы Оңтүстік Қазақстанның шежіресі» атты көрме ашылады.

Көрме 2008 жылдан бері жемісті іске асып келе жатқан «Алға ұмтылған Қазақстан» атты аймақаралық көрме жобасы аясында өткізіледі.

Көрермендер назарына Оңтүстік Қазақстан өңірінің ғасырлар қойнауынан сыр шертетін құнды тарихи, археологиялық, сәулет және бейнелеу өнерінің үздік жәдігерлері ұсынылады.

Көрме ашылар алдында қонақтар «Шеберлер қаласында» Оңтүстік Қазақстан шеберлерінің сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен танысып, сатып алу мүмкіндігіне ие бола алады. Сонымен қатар Халима Жантөрееваның әйелдерге арналған ұлттық киім үлгісінің жиынтығы көрсетіледі. «Тұмар» этнографиялық ансамблі көрмені әуенмен көркемдеп, Шәмші Қалдаяқовтың шығармалары орындалады.

«Шырайлы Оңтүстік Қазақстанның шежіресі» атты көрмесі 25 шілдеге дейін жалғасады.

 
Разработка и поддержка сайта
AVS Studio
AVS Studio