Мәдениет және өнер қайраткерлерінің шығармашылығы туралы ақпараттық каталогқа арналған сауалнама
| Суретшілер |
| Театр қайраткерлері |
| Композиторы |
| Дизайнеры |
Бейбітшілік және келісім сарайында 2011 жылғы 18 қаңтардан 2012 жылғы 18 қаңтарға дейін «Мысыр пирамидаларының қазынасы» атты көрме өтеді. |
| «Шебер 2010» Республикалық қолөнершілер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі |
|
|
2010 жылдың 18 маусымы сағат 12.00-де Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығында «Шебер 2010» Республикалық қолөнершілер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді. Байқау «Қазақстанда қолөнерді дамыту мен дәстүрлі көркемдік кәсіпшілікті жандандыру» бағдарламасы шеңберінде өтті. Көрермендер назарына Қазақстанның барлық аймағынан келген 57 қатысушының 105 туындысы ұсынылды. Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталды: «Дарынды бастау», «Асыл ұстаз», «Жоғарғы сапа», «Жаңашылдық», «Төлтумалық» және «Озат Іскер». Байқау шеңберінде Президенттік мәдениет орталығының көрме залында Қазақстанның барлық аймағынан келген шеберлердің жұмыстары қойылған қолөнер бұйымдарының ашық көрме түріндегі жәрмеңкесі өтті. Іс-шара «Our Heritage» Қоғамдық Қоры, «Шеврон» компаниясы және Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің қолдауымен өтті.
|