Жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ақпарат

Мәдениет және өнер қайраткерлерінің шығармашылығы туралы ақпараттық каталогқа арналған сауалнама

anketa
Cауалнаманы толтыру онлайн



Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсынөткізудің қағидасы


word_icon
Қағидасы көшіріп шығару (74 кБ)


Мәдениет пен өнер қайраткерлерінің шығармашылығы туралы ақпараттық каталог

Суретшілер
Театр қайраткерлері
Композиторы
Дизайнеры

akorda

bparlru

egov

mki1

mki_kz

mki_en

inter

banner_3

poslan_2010_ru

til

web

obse

enu

Главная Мәдениет жаңалықтары БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ
БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ Басып шығару

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған
Орталық Азиядағы толеранттылық мәселелері жөніндегі
Азаматтық форумның

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп 2011 жылғы 1 шілдеде Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Орталық Азиядағы толеранттылық мәселелері жөніндегі Азаматтық форум өткізеді.

Аталған іс-шара Елбасымыздың Қазақстан халқы Ассамблеясының 16-сессиясында берген тапсырмасына сәйкес өткізіледі және Азиядағы мәдениет аралық үндесуді дамыту мен тұрақтылықты нығайту жөніндегі аймақ елдерінің әріптестігін қалыптастыруға бағытталған.

Форумға қатысуға Иран, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан шетелдік сарапшылар шақырылды. Сондай-ақ форумға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, мемлекеттік органдардың, ғылыми және шығармашылық интеллигенцияның, сарапшылар қауымдастығының  өкілдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары шақырылды.

Форумның пленарлық жиналысында Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің; Ассамблея Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжановтың; ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтановтың; Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Людмила Хочиеваның; Ресей халықтары Ассамблеясы Атқару комитеті Кеңесі теңтөрағасының орынбасары Николай Бухониннің; М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Тарих факультеті деканының орынбасары, профессор Алексей Власовтың; Иран-Қазақстан ақпараттық орталығының төрағасы Халакуйеширази Мохаммадреза Хусейннің; «Пайвант» бүкіләлемдік тәжіктер кеңесінің төрағасы Исомиддин Салохиддиновтің; Татарстан халықтары Ассамблеясының Кеңесі төрағасының орынбасары Сағит Жақсыбаевтың; республикалық этномәдени бірлестіктер басшыларының, ғалымдар мен сарапшылардың баяндамалары жоспарлануда. Қырғыз  Республикасы  Жогорку Кенеші атынан Қырғыз Республикасының депутаты Равшанбек Сабиров құттықтау сөзін оқиды.

Форум шеңберінде мына тақырыптар бойынша бағыттық пікірталастар ұйымдастырылады: «Қоғамда толеранттылық қалыптастырудағы азаматтық қоғам институттары» (модератор – саясаттануша, қоғам қайраткер Нұрлан Ерімбетов); «Толеранттылықты БАҚ арқылы насихаттау» (модератор – ҚХА тілші-сарапшылар клубының жетекшісі Ғаділбек Шалахметов); «Толеранттылық және мәдени әралуандық» (модератор т.ғ.д. Георгий Кан); «Толеранттылық – ғылыми пайымдау және тәжірибе» (модератор – саяси ғ.д. ҚХА Ғылыми сараптық кеңесінің хатшысы Наталья Калашникова).

Талқылаулар мен пікірталастар қорытындысы бойынша Азаматтық форум резолюциясы қабылданады, эносаралық қатынастарды дамыту процесстерін бірлесе зерттеуді ұйымдастыру жөнінде Орталық Азия елдерінің сарапшылары арасында келісімге қол қойылады.

Іс-шара соңында форум қатысушыларына «Самұрық» Ұлттар Театрындағы этномәдени бірлестіктер мен белгілі өнер шеберлерінің концерттік бағдарламасы ұсынылады.

Аталған іс-шара Орталық Азияда толеранттылық мәдениетін қалыптастыруға және мәдениетаралық үндесуді дамытуға оң әсерін тигізетін болады.

 
Разработка и поддержка сайта
AVS Studio
AVS Studio