Жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ақпарат

Мәдениет және өнер қайраткерлерінің шығармашылығы туралы ақпараттық каталогқа арналған сауалнама

anketa
Cауалнаманы толтыру онлайн



Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсынөткізудің қағидасы


word_icon
Қағидасы көшіріп шығару (74 кБ)


Мәдениет пен өнер қайраткерлерінің шығармашылығы туралы ақпараттық каталог

Суретшілер
Театр қайраткерлері
Композиторы
Дизайнеры

akorda

bparlru

egov

mki1

mki_kz

mki_en

inter

banner_3

poslan_2010_ru

til

web

obse

enu

Главная
«Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ президентінің алғы сөзі Басып шығару

president_fonda

«Құрметті Достар!

Біз халқымыздың рухани қазынасы мен ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүріміздің тұтастығы, еліміздің іргесін қалауда ата-бабаларымыздың сіңірген ерен еңбектері және ұрпағымыздың бүгіні мен ертеңі толғандыратын әрбір азаматқа осы хатты жолдаймыз.

Біздің ортақ мақсатымыз – ұмыт болған мұраларымызды жинау, халқымызға қайтару және қайта жаңғырту, сондай-ақ мәдени байлықтарымызды ұлғайта отырып мемлекетіміздің көпқырлылығын арттыру.

Біздің мәдени, ғылыми және қарапайым адам ретіндегі байланыстарымыз тамырын тереңге жібере отырып, бай салт-дәстүріміз бен халқымыздың өмірлік тәжірибесіне табан тірейді.

«Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ рухани мұраларымыз бен қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрін қайта жаңғыртуға, белгілі қоғам мен мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық әлеуетін арттыруға, дарын иелеріне, талантты жастар мен шығармашылық династиясына жан-жақты көмек көрсетуге, сондай-ақ, халқымыздың тамаша мәдениеті мен бай тарихи мұралары және Қазақстан заманауи өнерінің көпқырлылығы туралы шынайы ақпараттарды әлем қауымдастықтарына жеткізуге қабілетті деп табылған.

Өз кезегінде Қор Қазақстан қоғамына әлемдік өнер мен мәдениеттегі қалыптасқан үрдісті таныстырады.

Болашақтағы гуманитарлық байланыстардың дамуының қажеттілігі, өзара түсінушілік пен достық қарым-қатынастың нығаюы Мемлекетіміздің экономикалық мүмкіндіктерінің өсуімен қатар өзекті мәселеге айналып келеді.

Қазірдің өзінде Қор Ресей, Италия, Қытай, Германия, Австрия және тағы басқа алыс-жақын елдермен мәдени және гуманитарлық байланыс орнатты. Қор Қазақстандағы БҰҰБД халықаралық ұйымының (ПРООН) қабылдаған алғашқы ресми серіктестігі болып табылады. Екі ұйымның арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға 2009 жылы Астана қаласында қол қойылды.

Сайтымызға қош келіпсіз! Сайт беттерінен өзіңізге керекті ақпаратты табасыз деп үміттенеміз. Біз халқымыздың мәдениетін, салт-дәстүрін дамыту үшін серіктес болуға әрқашан дайын екендігімізді мақтанышпен жеткіземіз. Қазақ елінің жанашыр азаматы және осы ұйымның басшысы ретінде серіктестігіміз достыққа, достығымыз бауырластыққа ұласады деп үміттенемін».

 

 

Құрметпен,

Нұразхан Алмаз Шайкенұлы,

«Қазақстан халқының рухани даму қоры»

Акционерлік қоғамының президенті
 
Разработка и поддержка сайта
AVS Studio
AVS Studio